ru24.pro
World News
Сентябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Тоқаев Тәжікстан президентін құттықтады

0

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды Тәжікстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Президент Эмомали Рахмонның парасатты көшбасшылығымен Тәжікстанның маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүйелі түрде жүзеге асырып, мемлекеттілікті нығайту жолында сенімді қадам басып келе жатқанын, халықаралық аренада абыройы жоғары екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мен Тәжікстан стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы өзара тиімді қарым-қатынас орнатқанын, бұл екі халықтың мүддесіне сай келетінін жеткізді.

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына бақ-береке тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!