ҰҚК Шымкентте шетелдіктерді ұстады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкентте шетелдіктердің ұсталғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биыл тамызда ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен Шымкентте синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетін тоқтатты.
"Есірткі заттарының кезекті партиясын дайындау кезінде екі шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Шамамен 4 келі "мефедрон" психотроптық заты, 50 литр прекурсор, шетел валютасында ақшалай қаражаттың ірі сомасы, сондай-ақ "синтетика" дайындауға арналған зертханалық жабдық алынды", - делінген хабарламада.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!