ru24.pro
World News
Сентябрь
2024

“5 мың гектар жер сусыз қалды“. Алматы облысында жеміс бағы қурап кеткен

0

Алматы облысында 5 жылдан бері 5 мың гектар суармалы жер қайта айналымға қосылмай келеді. Су тапшылығынан шаруалар алқап көлемін ұлғайтып, өнім өсіре алмай отыр. Қарасай ауданындағы Ыстыбай су арнасы тозып, әр тұстан бұзылған. Ал арна өтетін жер телімдеріне үйлер салынып, комерциялық нысандар тұрғызылды. 2020 жылы бұл арнаны қайта қалыпқа келтіру жұмысы қолға алынған еді. Алайда еш нәтиже жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Тұрар ауылындағы жеке қожалық иелігіндегі 2 гектарға жуық жеміс бағы бар. Иесі 2012 жылы 1,5 мың түп алма көшетін еккен. Жеміс-жидек пен көкөніс өсіріп, алма сақтайтын қойма салған. Бағбаны Құрманғазы Көпешов әр ағашты күтіп-баптайды. Жаздай қолмен суғарып, зиянкестерден қорғайды. Алма жақсы өсуі үшін арықпен суару қажет. Ол үшін ауыл іргесіндегі Ыстыбай арнасы жөнделуі керек еді. Бағбан каналдың қайта қалпына келуін күтіп, үміттеніп жүр.

"Су болмағандықтан ағаш сиреді. Амалсыз жер астынан шығатын суық сумен суғара берген соң, алма мен алмұрт тамыры солып, шетінен қурай бастады. Биыл өнім жоқ. Мың түп ағаштың тең жартысы шықпай қалды. Енді не істейміз? Бақты қараусыз қалдыру обал. Бізге су керек", - дейді Құрманғазы Көпешов.

Фото: Massaget.kz
Тұрар мен Үштерек ауылдарына қарасты егістік алқаптарына қажет су К28 көліне жиналады. Көлдегі су бірнеше арнамен өзге де елді мекендерге ағады. К28 су қоймасының жалпы су сыйымдылығы 6 млн текше метр. Биыл көлде су мол жиналғанымен, етектегі 400 гектарға жуық алқапты суғаруға мүмкін болмады. Өйткені, науа жүйесімен жасалған Ыстыбай мен Жаңбырбай каналдары бұзылған. Отыз жыл бұрын істен шыққан ирригациялық жүйе аудан меншігінен Қонаев атындағы Үлкен Алматы Каналына 2020 жылы өтіпті.
Фото: Massaget.kz
10 шақырымдық Ыстыбай каналы әр тұстан бұзылған, бетоны үгітіліп, қирап тұр. 2016 жылы Қарасай ауданында 111 шақырым су арналарын қалыпқа келтірудің Республикалық жобасы қолға алынады. Жобаға Ыстыбай арнасы да кіреді.

"Кейін қалыпқа келтіру жұмысы Қарасай ауданы әкімдігінен алынып, Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы мекемесіне жүктеледі. Бірақ, жобаны қабылдағанда көптеген кемшілік анықталды", - дейді мекеменің бөлім басшысы Д.Нүсіп.

Фото: Massaget.kz
"2018 жылы жобаны бізге тапсырғанда барлығы 15 канал болды. Соның ішінде осы Ыстыбай бар. Көбісінде ортақ проблемалар бар. Ең алдымен, канал өтетін, суғарылатын жер телімдері жеке меншікке беріліп кеткен. Үйлер салынып кетті. Техника өте алмайды. Құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізуге ешқандай мүмкіндік жоқ", - деді ол.
Фото: Massaget.kz
Алты жыл ішінде Тұрар мен Үштерек ауылдары ұлғайды. Бұрынғы егістік жерлер сатылып, үйлер салынды. Коммерциялық нысандар да бой көтерген. Соның салдарынан су арнасына тиесі алқап көлемі қысқарған. Осының барлығы Ыстыбай арнасын қалыпқа келтіруге күрделі кедергі болғандықтан Үлкен Алматы Каналы мекемесі жобадан бас тартып, оны Алматы облысы әкімдігіне қайта тапсырмақ.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.