Шымкентте аудан әкімі аппаратының бұрынғы басшысы сотталды
Шымкентте әкім аппаратының бұрынғы басшысы 700 миллион теңгені жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.
Шымкент ауданаралық қылмыстық сотында М-ға қатысты аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы қызмет бабын пайдалана отырып ысырап ету (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы) және К. мен Б-ға аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін топ адаммен ұрлау, аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтару және құжаттарды қолдан жасау (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы), 28-бабы 3-бөлігі - 245-бабы 2-бөлігі 1, 2-тармақтары), 385-бабы 2,3-бөліктері) дерегі бойынша қылмыстық іс қаралды.
"Сот 2019 жылы Шымкенттің Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының басшысы М. өз қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС директоры Б. және құрылтайшысы К. бірге қылмыстық мақсатта әкімдіктің бюджет қаражатын жымқыруды көздегенін анықтады. Олар тұрғын үй аулаларын абаттандыруға арналған сметалық құжаттарды (қоқыс жәшіктері, шағын беседкалар, орындықтар, ойын және жаттығу алаңдары) материалдардың құнын асыра отырып әзірлеу арқылы шамамен 700 миллион теңге көлемінде сеніп тапсырылған мүлікті ысырап етті. Өз кезегінде, К. ұйымдастырушы ретінде Б-мен бірге декларацияларға әдейі бұрмаланған деректерді енгізу арқылы салық төлеуден жалтаруды ұйымдастырып, мемлекетке 194 миллион теңгеден астам зиян келтірді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Б. салық органдары алдындағы қарызын жасыру мақсатында 130 миллион теңгеден астам сомаға банк кепілдігін жасау үшін банк фирмалық бланкін қолдан жасаған.
Тараптардың ұстанымы Прокурор сотталушыларға 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушілердің өкілдері заңға сәйкес жаза тағайындауды сұрады.
"Сотталушылар өз кінәларын мойындамай, оларды ақтауды сұрады. Неліктен және қандай жаза тағайындалды Заң бойынша жасалған сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін негізгі жаза ретінде жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Сотталушылардың кінәсі сотта зерттелген дәлелдемелермен дәлелденді. Сот жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып – кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты, әрқайсысына қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, М.-ны өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырды".
Сондай-ақ, Б. ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершіліктен ескіру мерзімінің өтуіне байланысты босатылды, қылмыстық іс бұл бөлікте тоқтатылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!