ru24.pro
World News
Сентябрь
2024

Ақтөбе облысында мектеп оқушысы қаза тапты

0

Ақтөбе облысында төбелес салдарынан мектеп оқушысы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін БАҚ-та Темір ауданы, Кеңесту ауылында мектеп оқушылары арасында кикілжің туындап, салдарынан Копин атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы қаза тапқаны туралы ақпарат тараған болатын.
Облыстық Полиция департаменті Tengrinews.kz тілшісіне Темір аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Төбелескендер анықталып, полицияға жеткізілді.

"Екі күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады облыс Полиция департаменті.

Оқиға 2-3 қыркүйекке қараған түні болған. Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан бұл факт бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
Ауылға жедел-тергеу тобы барғаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!