Каспий теңізіне 19 жастағы жігіт батып кетті
Ақтаудың 19 жастағы тұрғыны Каспий теңізінде шомылып жүргенде суға батып кетті. Ақпаратты Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қайғылы оқиғаның 3 қыркүйекте сағат 19:40-та Ақтаудағы 7а шағынауданында болғанын хабарлады.
"Каспий теңізінің жағалауында (тереңдігі 2 метр, жағадан 100 метр) төтенше жағдайлар департаментінің күштері (тоғыз құтқарушы, екі техника, бір жүзу құрылғысы және бір дрон) Т.-ның мәйітін тауып, судан шығарды", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Марқұм 18:55-те шомылуға болмайтын жерде суға түскен кезде суға батып кеткен. Ол 2003 жылы туған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!