ru24.pro
World News
Сентябрь
2024

Иранда блогер бір нүкте қойылған твиті үшін түрмеге жабылды

0

Иранда блогер тек бір нүкте қойылған твит жариялағаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды - ер адам Израильді насихаттағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы сотталушының адвокатына сілтеме жасап Iran International хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оппозициялық блогер Хоссейн Шанбехзаде Иранның рухани көсемі Әли Хаменеидің жазбасына бір ғана нүкте қойып қалдырған пікірі үшін 12 жылға сотталды.

Оның пікірі аятолла Хаменеидің жазбасынан екі есе дерлік көп лүпіл жинаған. Басылым мәліметінше, нүкте және басқа да жалғыз таңбаларды ирандық оппозиционерлер елдегі режиммен келіспейтінін білдіру үшін жиі қолданады.
Тұтқынға алынғаннан кейін Шанбехзаденің әлеуметтік желідегі парақшасы Twitter-ден жойылды, бірақ оның парсы тілінде жазылған есімі ұзақ уақыт бойы "танымал" бөлімде тұрған.
Шанбехзадеге "Израильдің пайдасына үгіт-насихат жүргізгені үшін" бес жыл, "исламдық қасиетті орындарды қорлағаны үшін" - 4 жыл, "жалған ақпарат таратқаны үшін" - 2 жыл және "мемлекетке қарсы үгіт-насихат жүргізгені үшін" тағы бір жыл берілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!