ru24.pro
World News
Август
2024

Шулай беретін көршілермен қалай күресуге болады?

0

Көршілеріңіз түнде шуласа, заң бойынша не істей аласыз? Tengrinews.kz бұл жағдайда дұрыс әрекет ету жолдарын ұсынады.
Ішкі істер министрлігі алдымен көршіңізбен сөйлесуді ұсынды.

"Егер мұндай жағдайға тап болсаңыз, алдымен наразылығыңызды ауызша жеткізіңіз. Мысалы, жөндеу жұмыстарын тоқтатуды сұраңыз. Егер одан кейін де шу тоқтамаса, сол жағдайды смартфонға түсіріп алыңыз да, 102-ге немесе жұмыс уақытында учаскелік полиция инспекторына хабарлаңыз. Полиция қызметкерлері келген соң құқықтық баға береді. Жедел әрекет ету үшін түнде патрульдік полиция қызметкерлері келіп, бұзушылықты жою бойынша шаралар қабылдайды", - деді ІІМ-де.

Кейде полицияға есік ашпайтын жағдайлар болады. Егер көршілер есігін ашпаса, бірақ шулауын тоқтатса, қосымша тексеріс үшін өтінішті учаскелік инспекторға береді.
Заңгер Нұрлан Жаңабаев шулай беретін көршілермен күресудің жолын айтты.

"Полиция шақырған адам қызметкерге растайтын аудио және бейнематериалдарды ұсынуы керек. Содан кейін полиция қызметкері көршілердің қатысуымен акт жасауы керек, олар оның шақыруға келгенін, алайда оларға кіре алмағанын растайды. Яғни, қызметкер жайдан-жай кетіп қала алмайды. Егер ол күндіз келсе, ПИК төрағасын шақырып, ол да актіде көрсетілуі керек", - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ әдетте тәулікке жалға берілетін пәтерлер үлкен проблемаға айналады.

"Заң бойынша меншік құқығы сол мүлікке билік ету құқығын да білдіреді. Пәтердің кез-келген иесі оны жалға беруге құқылы. Заңнама бұл жағдайда тұрғын үй иесінен міндетті түрде оны жеке кәсіпкер ретінде тіркеуді және пайдадан салық төлеуді талап етеді. Егер көршілер пәтерді заңсыз тапсырса, онда сіз бұл факт туралы мемлекеттік кірістер басқармасына хабарлай аласыз. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте "Салық салу объектілерін және салық есептілігінде көрсетілуге жататын өзге де мүлікті жасыру" деген бап бар, - деп түсіндірді Жаңабаев.

Заңгер егер пәтер жалдаушылар үй тұрғындарының тыныштығын бұзса, олар полицияға ұжымдық арызбен жүгіне алатынын айтты.