ru24.pro
World News
Август
2024

Ақтауда тұрғын үй кешенінің қасбеті өртеніп кетті

0

Ақтауда өрт салдарынан 10 қабатты үйдің қасбеті өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтау әкімдігі 29 тамызда таңғы сағат 6:02-де 10 қабатты Otyrar city тұрғын үй кешенінің өртенгенін хабарлады. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, үйдің артқы жағындағы сыртқы қаптамада өрт шыққан. Алайда жалын пәтерлерді жалмап үлгермеген.

Өрт сағат 6:10-да сөндірілді. Өртсөндірушілер келгенше 60 тұрғын үйден шығып үлгерді, тағы 15 адам, оның ішінде сегіз бала эвакуацияланды.

Әкімдік Otyrar city тұрғын үй кешенін К7 group құрылыс компаниясы қалпына келтіретінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!