Қараталды қалпына келтіру: сылбыр құрылыс, үйсіз қалғандардың уайымы
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қаратал ауылында екі мыңға жуық адам тұрады. Барқын құмының оңтүстік-батысындағы бұл жер малға жайлы қоныс саналады. Көктемдегі тасқын ауылдағы 236 үйді тұруға жарамсыз еткен. Одан бері бес ай өтті. Үйсіз қалған жұрт әлі күнге "киіз үй" мен шатырларда тұрып жатыр.