ru24.pro
World News
Август
2024

Қазақстанда АЭС-ті кім салуы мүмкін екені белгілі болды

0
"Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС бас директоры Тимур Жантикин Қазақстанда атом электр станцияларын салу үшін қандай компаниялар технология жеткізуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның сөзінше, 2019 жылы Қазақстан ең озық шетелдік атом технологияларын жеткізушілерден техникалық-коммерциялық ұсыныстар алған. Нәтижесінде Қытайдан, Оңтүстік Кореядан, Ресейден, Франциядан және АҚШ-тан алты сатушыдан 13 заманауи реактор жобасы таңдалды.

"Ұсынылған технологияларды алдын ала бағалау үшін біз Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің әлемдік тәжірибесі мен ұсынымдары негізінде өзіндік бағалау жүйесін әзірледік. Кейін бұл жүйені әйгілі Assystem француз компаниясы мақұлдады", - деді Жантикин Үкімет отырысында.

Тізімге төрт әлеуетті жеткізушінің ұсыныстары енгізілді:

HPR1000 реакторы бар қытайлық CNNC компаниясы;
APR1000 және APR1400 реакторлары бар кореялық KHNP;
Ресейлік Росатом, ВВЭР-1200;
EPR1200 технологиясы бар франциялық EDF.


"Референдум қорытындысы бойынша оң шешім қабылданған жағдайда келесі маңызды міндет атом технологиясының нақты жеткізушісін таңдау және жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін бірлесіп әзірлеу болады. Қазақстанның болашағы атом энергетикасымен тығыз байланысты екені сөзсіз", - деді Жантикин.

Еске салайық, бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов АЭС бойынша референдум өткізудің Үкімет қаулысының Жарлық жобасын Президент әкімшілігінің қарауына жіберуді тапсырғаны хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!