Абай облысында ер адам өлі табылды
Абай облысында өрт болып, үй иесі өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға бүгін Бородулиха ауылында таңғы бес шамасында болған. Шаруашылық құрылысына және жеңіл көлікке от өтіп, жеке тұрғын үй өртеніп кеткен.Өрттің алдын ала ауданы 400 шаршы метр алаң. Өртті сөндіру кезінде 1990 жылы туған үй иесінің денесі табылды.
ТЖМ тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Өрт орын алған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз.
Таңғы жеті шамасында өрт 250 шаршы метр алаңда сөндірілді. Себебі анықталып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!