ru24.pro
World News
Август
2024

Қостанай облысында 23 сиыр тиеген ауыржүктасығыш көлік аударылды

0
Қостанай облысында ет өңдеу комбинатына әкелінген 23 сиырды тиеген ауыржүктасығыш көлік аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол-көлік оқиғасының егжей-тегжейін аймақ полиция департаментінің баспасөз қызметі жариялады.

"21 тамызда кешке Қостанай-Мамлютка автожолының 26-шы шақырымында Volvo жүк көлігінің 34 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, жыраға аударылды", - делінген хабарламада.

Жүк арбада 23 сиыр болғані, ер адам оларды Солтүстік Қазақстан облысынан Заречное кентіндегі ет комбинаттарының біріне апара жатқан.

"Оқиға салдарынан жүргізушінің өзі зардап шеккен жоқ. Бірнеше сиыр жарақат алды", - деп нақтылады полиция.

Оқиға орнына жүк көлігінің манипуляторы келді, оның көмегімен жануарлар тиелді. Осыдан кейін көлік полицейлердің сүйемелдеуімен межелі жерге барады.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!