ru24.pro
World News
Август
2024

Алматыда қытайлық кроссовер апат салдарынан газ құбырын бұзды

0
LiХiang көлігінің жүргізушісі апат салдарынан газ құбырының тірегін сындырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде Алматының жоғарғы бөлігіндегі Достық қиылысында Оспанов көшесінде болған жол-көлік оқиғасының видеосы пайда болды. Кадрдан көліктің газ құбырына соғылған кезін көруге болады.












View this post on Instagram

A post shared by @kris_p_akimat


Алматы полициясы апат бүгін, 20 тамызда, сағат 9:50-де Медеу ауданында болғанын хабарлады.

"LiХiang көлігінің жүргізушісі Оспанов көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Subaru маркалы автокөлікпен соқтығысты, одан әрі кедергіге - газ құбырының тірегіне соғылды. Медициналық көмекке Subaru жүргізушісі жүгінді. Апатты тергеуге Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері кірісті", - деп хабарлады полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!