ru24.pro
World News
Август
2024

Құмар ойыны шырмауынан қалай шығуға болады? Бұрынғы екі ойыншы өзгелерге көмектесіп жүр

0
29 жастағы Нұртас Нұрғалиұлы мен 32 жастағы Нұрислам Әліпбайұлы оқушы кезінен құмар ойынға үйір болған. Жылдам ақшаға дәндеген екеуі соның жетегінде он жылдан аса жүрген. Дос-жараннан ажырап, барын ойынға салып, қарызға белшеден батқанда өлім туралы да ойлапты. Бірақ екеуі де арнайы маманның көмегімен құмар ойынға тәуелдіктен құтылған. Қазір олар ойын тұзағына түскен басқа адамдарға жәрдемдесіп жүр.