ru24.pro
World News
Август
2024

"МӘМС жүйесін өзгерту керек". Қазақстанда жаңа петиция пайда болды

0

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты петиция іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ePetition.kz сайтында "МӘМС жүйесін өзгертуді талап етеміз" деген петиция пайда болды.

"Біз, Қазақстан Республикасының азаматтары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты ҚР құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді сұраймыз", - делінген құжатта.

Авторлар азаматтардың аударымдарына қатысты бірқатар өзгерісті ұсынған. Олар:
1) азаматтардың бірнеше табыс көзі болса да, тек бір табыс көзінен аударым жасауға мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни, егер адам екі жұмыста жұмыс жасаса, онда петиция авторларының пікірінше, олардың біреуімен ғана шегерім жасау жеткілікті.

"Көптеген азаматтар МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық қызметтерді алмайды, ал жарналар босқа күйіп кетеді, яғни егер азамат медициналық қызметті белгілі бір айда шартты түрде алмаса, МӘМС жарнасы қайтарылмайды және жинақталмайды. Олар жинақталмағандықтан және қайтарылмағандықтан, есептеулер мен аударымдар үшін екі немесе бірнеше қолдану болмауы керек деп санаймыз", - деп петиция авторлары өз ұстанымдарын негіздеді.

2) Егер дара кәсіпкердің қандай да бір айда табысы болмаса, оны осы айда аударымдар жасау қажеттілігінен босату қажет.
3) МӘМС бойынша жарналарды жинақтауға және оларды (немесе олардың кем дегенде бір бөлігін) жақын туыстарына беруге мүмкіндік болуы тиіс.

"МӘМС жүйесіне қоғамдық наразылықты және мемлекеттік аудитпен анықталған миллиардтаған бұзушылықтарды ескеріп, бұл жүйе жоғарыда аталған мәселелерді қарау арқылы ҚР азаматтарының тыныс-тіршілігін жақсарту бөлігінде түбегейлі өзгерістерді талап етеді деп санаймыз", - деп түйіндеді құжат авторлары.

Әзірге петицияға тек 101 азамат қол қойған. Еске салайық, оны қарастыру үшін кем дегенде 50 мың дауыс жинау керек.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!