ru24.pro
World News
Август
2024

Гранттан қағылған талапкерлер қайда хабарласуы керек?

0

Қазақстанда жоғары оқу орындарында білім алу үшін білім грантын жеңіп ала алмаған талапкерлер үшін байланыс орталығы іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2024-2025 жылғы оқу жылына арналған білім грантын иеленбеген талапкерлердің грант иегері атануы үшін қосымша мүмкіндіктер жөнінде ақпарат ұсыну мақсатында call-орталық жұмыс істейді", - делінген хабарламада.

Call-орталық арқылы талапкер қосымша гранттар, оқу ақысын жеңілдету және басқа да мүмкіндіктер туралы ақпарат ала алады:
8 (7172) 69-50-69;8 (7172) 69-52-92;8 (7172) 69-50-71.
Жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18:00-ге дейін.