ru24.pro
World News
Август
2024

Қайрат Сатыбалдының жазасы жеңілдеді. Бұл нені білдіреді?

0
2022 жылы "Ақша жымқыру" айыбымен алты жылға сотталған кәсіпкер, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының жазасы жеңілдеді. 16 тамызда Өскемен қаласындағы сот оның түрме жазасын бостандығын шектеу жазасына ауыстыру туралы өтінішін мақұлдаған. Сатыбалдының өзі сот күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан кешірім сұрады. Жазаның жеңілдеуі нені білдіреді? Бұл шешімнің саяси мәні қандай? Азаттық саясаттанушылар мен депутаттан пікір сұрады.