ru24.pro
World News
Август
2024

"Үнсіз қалмағаныма өкінбеймін". Жүйені өзгерткісі келген кеншінің талпынысы немен аяқталды?

0
Қарағанды облысында тұратын жас кенші Николай Девяткин кенжарда техника қауіпсіздігі талаптары бұзылғанын басшылыққа жеткіземін деп, жұмысынан айырылып қалғанын айтады. Ал бұрынғы жұмыс берушісі Qarmet компаниясы Девяткин тыйым салынғанына қарамастан шахтаға ұялы телефон алып кіріп, "тәртіп бұзғаны үшін" жұмыстан шығарылды деп түсіндіреді. Жұмыссыз қалған кенші шахтадағы қауіпсіздік талабы қалай бұзылғанын түсірмек болдым дейді.