Ақтөбеде Жастар күні тойланып жатыр
10 тамыз күні 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Aqtobe Jastary - 2024" фестивалі өтті.
Шараның мақсаты – әр саладағы жастар бастамаларын қолдау, қала жастарының бос уақытын тиімді пайдалануға шақыру, жастардың қабілеттерін ашуға мүмкіндік беру, мерекелік көңіл күй сыйлау, мемлекеттік грант жеңімпаздары атанған мүмкіндігі шектеулі жастарға және жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету, мүмкіндігі шектеулі жастарды қоғамға бейімдеу,ұлттық тарих пен мәдениетті насихаттау, ұлттық сананы нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды өзін – өзі дамытуға ынталандыру.
Фестивальде жастарға арналған түрлі алаңдар жұмыс жасады.Демалыс алаңында аниматорлар, трансформерлер балалардың көңіл-күйлерін көтерсе, ересектер вертуалды көзілдірік ойыны, мафия ойындарын ойнады.
Ұлттық алаңда қала тұрғындары мен жастарықұмыра жасап, көркем суреттер ментекеметтер көрмесін тамашалап, ұлттық тағам түрлерінен ауыз тиді. Күйшілер күй шертіп, дәстүрлі әншілер ән айтып, жастартазы ит, бүркіт, қазақ ертегілерінің киіпкерлері және батырлармен суретке түсті.Арт алаңында жастар сурет салуға арналған құрал жабдықтармен танысып, сезімдерін сурет салу арқылы жеткізуді меңгерді.
Ойын сауық алаңында жастар үстел теннисімен қатар түрлі ойындарды ойнады.Сонымен қатар, мемлекеттік грант жеңімпаздары атанған мүмкіндігі шектеулі жастар және жас кәсіпкерлер өз жұмыстарын таныстыру мақсатында жәрмеңке ұйымдастырылды. Фестиваль "Шексіз әлем" атты концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Фестивальде қала әкімінің орынбасары Қайрат Қуантайұлы құздан оңайлықпен құламайтын, сыннан сағы сынбайтын, өресі биік, рухы мықты қала жастарын мерекелерімен құттықтап, алар асулары мен бағындырар белестерінің көп болуын тіледі. Сонымен қатар, қаламыздағы белсенді жастар ұйымдарын ("Алаш" мүгедектер қоғамдық бірлестігі, "Стимул +" мүгедектігі бар жастар орталығы, "Жасыл ел" жастар еңбек жасағы, "Жүректен жүрекке" еріктілер тобы, "Eco Madeniet" волонтерлар қозғалысы, Ақтөбе "Жайдарман" филиалы) мерекелік алғыс хаттармен марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етті. Концерттік бағдарламада "Стимул +" мүгедектігі бар жастар орталығының өнерпаздары мен қаламызға танымал бір топ әншілер Жанерке Абдрахманова, Batys Group, Сагдат Булебаев, Шәмші, Қасым Ермек, Алиғазы Төртқара, Кукабай, Дәулет Ізмағамбетұлы, WestSound'sBand және "Танатар" лезгинка студиясы өз өнерлерін көрсетті.
Жастар – қашанда асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Қай елдің болмасын басты капиталы халқы десек, соның ішінде жастар – қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екені сөзсіз. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен өркендеуі, жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты. Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Себебі жастарымыздың жаңа белестерге деген ұмтылыстары жаңа идеялардың туындауына себепші болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!