ru24.pro
World News
Август
2024

Бразилияда жолаушылар ұшағының апатқа ұшырау себебі аталды

0

Бразилияда жолаушылар ұшағының апатқа ұшырау себебі аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. g1 сайтына сілтеме жасап. Кейінгі мәліметтер бойынша, Бразилиядағы ұшақ апаты салдарынан 62 адам қаза тапты.
Бразилияда ATR-72 турбовинт ұшағының апатқа ұшырауына ұшақ қанаттарында мұздың пайда болуы себеп болуы мүмкін. Ұшақ тұрғын ауданға құлаған.

WATCH: Crash site of Voepass Flight 2283 in Vinhedo, Brazil. 62 people were on board pic.twitter.com/ngUhvEtSRS— BNO News (@BNONews) August 9, 2024Ұшақ басқарылмай, қатты мұзданған аймаққа кіріп, айнала бастады деген болжам бар. Ұшақ ауада айналып, кейін құлаған. Құлау салдарынан 62 адам қаза тапты - 58 жолаушы, екі бортсерік, екінші ұшқыш және әуе кемесінің командирі.
Апатқа қатысты тергеу жалғасып жатыр.Ұшақ Каскавелден (Парана штаты) Гуарульосқа (Сан-Паулу штаты) ұшты.
Полиция апатқа қатысты тергеуді бастады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!