Премьер-министр қашып, уақытша үкімет құрылды. Бангладеште не болып жатыр?
Бангладештегі наразылықтан кейін премьер-министр елден қашып, уақытша үкімет басына студенттердің сұрауымен Парижде тұратын Нобель сыйлығының лауреаты Мұхаммад Юнус келді. «Диктатор кетті» деп қуанған халық ендігі күнін алаңдап та отыр. Олар демократия орнап, жаңа Бангладеш құрылады деп үміттенеді.