ru24.pro
World News
Август
2024

АҚШ-та қазақстандық ұсталды - БАҚ

0

Шетелдік БАҚ кибералаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақстандықтың АҚШ-та ұсталғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Court Watch ақпараттық порталының хабарлауынша, бұл іске қазақстандық Александр Ходыревпен бірге ресейлік Павел Кублицкий де қатысуда. Іске қатысты сот құжаттары да желіде жарияланды.

"Олар darknet желісінде заңсыз алынған ақпаратты алмасу және сату үшін пайдаланатын WWH платформасын басқарды деген күдікке ілінген. Тергеушілер бұл қылмыстық форумды eBay мен Reddit арасындағы крест ретінде сипаттайды", - деп жазады портал.

Түсініктеме алу үшін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне хабарластық. Ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, америкалық тараптан бұл іске қатысты ешқандай ақпарат жоқ.

"Біз АҚШ-тың құқық қорғау органдарынан растауды сұрадық. Сондықтан біздің азаматтың ұсталғанын жоққа шығара да, растай да алмаймыз", - деді Айбек Смадияров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!