Ақмола облысында жүйелі түрде қорқыту дерегі бойынша тергеу басталды
Ақмола облысының прокуратурасы колледждерде тексерулер жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Колледждерді тексеру шеңберінде қауіпсіздікті, білім беру сапасын қамтамасыз ету, санитарлық бақылау, өрт қауіпсіздігі, күзет, денсаулық сақтау және т.б. салаларда 200-ден астам заңбұзушылықтар анықталған.
"Мысалы, 2 колледжде бұрын зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотталған адамдар жұмыс істеді. Басқа колледжде жұмысшылар жұмыс орнында ішімдік ішкен.
Аталған адамдар қабылданған шаралармен жұмыстан шығарылды. Бірқатар оқу орындарында медицина қызметкерлерінің қызмет көрсетуге лицензиясы жоқ", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, студенттердің құрдастарына қатысты жүйелі түрде қорқыту дерегі анықталған, тергеу жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!