ru24.pro
World News
Август
2024

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылды

0

Алматыда №76 жаңа автобус бағыты іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Наурызбай ауданы тұрғындарының көптеген өтініштері негізінде қалалық мобилділік басқармасы жаңа тұрақты бағыт ұйымдастырды.№76 бағыты "Алма Сити-5"ТК" - Алатау даңғылы - Төле би көшесі - Әшімов көшесі - Райымбек даңғылы - Кудерин көшесі - Солтүстік айналым - "Сәлем" базарына қатынайды. "Әділет Авто" ЖШС қызмет көрсетеді.

Бағытта 2023 жылы шыққан ISUZU маркалы 14 автобус жүреді. Мұндағы жоспарлы қозғалыс аралығы 8 минутты құрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!