Сәтсіз селфи: Өскемен тұрғыны суретке түсемін деп көпірден құлап кетті
Өскемен тұрғыны селфи жасамақшы болып, Үлбі өзеніндегі көпірден құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға туралы полиция мен құтқарушыларға дүйсенбіде сағат 22:30 шамасында хабарланған.
"Алайда арнайы қызмет келгенге дейін қала тұрғыны жағалауға өз бетімен шыққан", - делінген ШҚО полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.
Қыздың денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, ол дәрігерлерге тапсырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!