Қазақстанда 1 қыркүйек демалыс күні болып белгіленуі мүмкін бе?
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстанда 1 қыркүйек мереке күні болуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімет отырысында журналистер шенеуніктен 1 қыркүйекті демалыс күні деп жариялауға бола ма деген сұрақ қойды. Сонда ата-аналар аптаның қай күніне сай келгеніне қарамастан балаларын мектепке апара алады.
"Мен сізді түсіндім, осындай ұсыныс жасауға тырысамыз, егер дәлел келтірсеңіз, мен де оған қосыламын. Менің ойымша, бұл жақсы идея: күнтізбеде қызыл күн ету. Бұл қызықты ұсыныс. Қоғам қолдаса, әрине, мен әрқашан "жақтаймын", – деп жауап берді Ғани Бейсембаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!