ru24.pro
World News
Август
2024

Павлодар облысында қарақұрттардың табылуына байланысты ТЖ жариялануы мүмкін

0
Павлодар облысында қарақұрттардың табылуына байланысты төтенше жағдай жариялануы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД мәліметіне сілтеме жасап.
2024 жылғы 5 тамызда Баянауыл ұлттық табиғи паркінде қарақұрттардың пайда болуы туралы ақпараты бойынша Баянауыл ауданының әкімі Павлодар облысының табиғи паркі және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, қарақұрттардың мекендейтін жерлерін зерттеу үшін Торайғыр ауылына баруды жүзеге асырды.

"Зерттеу барысында, Торайғыр көлінің бойындағы шөптер мен өсімдіктердің арасынан қарақұрт өрмекшілері, жұмыртқалары, қабықтары табылды. Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысын өткізуге бастамашылық жасайды", - делінген хабарламада.













Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Павлодар Облысы Тжд (@pavlodar_tjd)


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!