ru24.pro
World News
Август
2024

Алматыда Абай даңғылының бір бөлігі жөндеуге жабылады

0

Алматының Әуезов ауданында жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Абай даңғылы бойындағы учаскелердің біріндегі өткел жартылай жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкімдік мәліметінше, 9 тамыз сағат 23:00-ден 12 тамыз сағат 10:00-ге дейін Алматының Әуезов ауданында Абай даңғылы бойымен Royal Petrol жанармай құю бекетінен Сайна көшесіне дейін шығыс бағытта көлік қозғалысы жартылай шектеледі.
Екі бағыттағы көлік қозғалысы Абай даңғылының солтүстік жағында ұйымдастырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!