Талғар тұрғындарына сел қаупі туралы ескертілді
Алматы облысындағы Талғар ауданының тұрғындарына ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аудандық әкімдіктің мәліметінше, бүгінгі таңда Алматы облысының таулы аудандарында температураның жоғарылауы, мұздықтардың қарқынды еруі және мореналық-мұздық көлдердің толуы, өзен арналарындағы ағынның жоғарылауы есебінен күрделі сел жағдайы сақталып отыр.
"Жоғарыда баяндалғанның негізінде Талғар өзенінің бассейніндегі №19 көл қазіргі көлдің солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде жиналған су жағалауды жырып ағуы мүмкін сол себепті қауіп төндіруі мүмкін. Фондық бағалау әдістемесіне сүйене отырып сел ағындарын болжау бойынша мұздық көлдің серпілісі 6 тамызынан бастап болуы мүмкін.
Осыған байланысты Талғар ауданының тұрғындары, қонақтары және демалушылар мен туристер Талғар қаласының басында орналасқан гиротехникалық қондырғыдан асып тауға, демалыс орындарға шығуға тыйым салынған", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Талғар өзені арнасына жақын орналасқан тұрғын үй иелеріне және жергілікті халыққа үнемі әлеуметтік желілерді, теледидиар және радиобайланыс желілеріне, электросиреналардың қосылуы кезінде мұқият тыңдап, құлақ түру сұралады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!