Айранды тәуліктің қай уақытында ішкен дұрыс? Дәрігер кеңесі
Сағат 20:00-ге дейін майлы емес айран ішу шөлді қандырады және жылдам ұйықтап кетуге көмектеседі. Бұл жайлы терапевт Сабина Дельманова айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «News.ru«-ге сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, бұл өнімді кешке ішу асқорытуды реттейді және ағзаның күні бойы алған микроэлементтерінің сіңуіне ықпал етеді.
«Оған қоса, майлы емес айранды сағат 20:00-ге дейін ішсеңіз, ол аштық сезімін басады және жақсы ұйықтауға ықпал етеді», — дейді терапевт.
Ол айранды күннің басында ішу тәбетті жақсартатынын, ағзаға позитивті энергия сыйлайтынын және жүйке жүйесі жұмысын реттеуге көмектесетінін айтты. Оған қоса, маманның айтуынша, айран ауыздағы жағымсыз иістен арылтады.
Алайда дәрігер гастрит, жаралы ауру, колит және несеп жолы жүйесінің кей аурулары бар адамдарға рационынан сүт-қышқылды өнімдерді алып тастау керегін ескертті. Сондай-ақ айранның жарамдылық мерзімі 20 күннен аспауы керек.
Сообщение Айранды тәуліктің қай уақытында ішкен дұрыс? Дәрігер кеңесі появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.