Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 1 тамызда Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде оңтүстіктен 2-7, күндіз секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 33-35 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 34-36 градус жылы.
Шымкентте аздап бұлтты болады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 38-40 градус жылы.
Таңертең және күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Алматы облысының таулы аймақтарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Жетісу облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, Алакөл ауданында екпіні секундына 15-20 метр.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 8-13 метр.
Түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Түнде Атырау облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Түнде Маңғыстау облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Түнде батыста, солтүстікте, күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 32-37 градус жылы.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!