ru24.pro
World News
Август
2024

Ақмола облысында жоғалып кеткен Астана тұрғыны өлі табылды

0

Ақмола облысында жоғалып кеткен Астана тұрғынының денесі табылды. Бұл туралы ақпаратты облыстық полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақмола облысы полиция департаментінен хабарлауынша, іс Астана полициясына беріледі.

"Ақмола облысының полиция департаменті Астана қаласының тұрғынының мәйітін табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Іс Астана полиция департаментіне беріледі", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Тергеуге байланысты басқа ақпарат жария етілмейді.
Ал әлеуметтік желілерде бұл 44 жастағы кәсіпкердің денесінен зорлық-зомбылық белгілері бар екені туралы туралы ақпарат тарап жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!