ru24.pro
World News
Июль
2024

Енді eGov Mobile арқылы тағы бір анықтаманы алуға болды

0

Енді қазақстандықтар eGov Mobile мобильді қолданбасы арқылы өз балаларына соттылықтың жоқтығы туралы анықтама ала алады. Бұл қызмет кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне қолжетімді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық ақпарттық технологиялар АҚ мәліметіне сілтеме жасап.

"Пайдаланушылар анықтама форматын таңдай алады: электронды түрде немесе апостильмен қағаз түрінде. Егер апостилмен анықтаманы таңдасаңыз, Мемлекеттік корпорация филиалының мекенжайын көрсетуіңіз және мемлекеттік бажды төлеуіңіз керек.
Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама - талап ету орны бойынша ұсынуға, шетелге шығу кезінде визаны ресімдеуге, тұруға ықтиярхат алу үшін, ҚР азаматтығын алу, қайта алу не одан шығу үшін қажет".

Қызметті алу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

еGov Mobile қолданбасында авторизация жасаңыз және "Жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту" бөліміне өтіңіз;
"Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру" тармағын таңдаңыз және қажетті өрістерді толтырыңыз.
Өтінімге Face ID/Touch ID арқылы қол қойыңыз.
Нәтижені Жеке кабинет тарихында тексеруге болады. Қызмет көрсету мерзімі – 10 минут, ал қосымша
тексеру қажет болған жағдайда – 5 жұмыс күніне дейін. Шетелге шығу үшін қажетті анықтамалар үшін мерзім де 5 жұмыс күніне дейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!