ru24.pro
World News
Июль
2024

"Қоңырау шалсам, жауап бермеңіз". Семей әкімі күтпеген мәлімдеме жасады

0

Семей әкімі Нұрбол Нұрсағатов әлеуметтік желіде күтпеген мәлімдеме жасады. Шенеунік өзінің суреті қойылған қоңырауларға жауап бермеуді және ешкімге ақша аудармауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала әкімінің айтуынша, WhatsApp мессенджерінде интернет алаяқтар оның атынан хабарламалар таратқан.

"Менің суретім қойылған жасырын нөмердегі хабарламаға сеніп ақша аудармауды, қоңырауға жауап бермеуді, күмәнді сілтемелерді ашпауды сұраймын.
Барлық хабарлама өзімнің жеке телефонымнан және ресми аккауынтымнан жіберіледі. Сондықтан телефон нөмері керсетілмеген немесе таныс емес хабарламаға жауап бермеуді сұраймын", - деп жазды Нұрсағатов Нұрбол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!