ru24.pro
World News
Июль
2024

"Оңай олжа соңында". Қазақстанда 31 есірткі зертханасы жойылды

0

Жыл басынан бері 31 есірткі зертханасы жойылды. Оның 17-сі синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған. Есірткі өндірушілерден шамамен 186 келі синтетикалық есірткі және екі тоннадан астам прекурсор тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақтөбеде 34 жастағы тұрғын ұсталды. Ол ірі көтерме саудаға арналған пакеттерге мефедрон салған. Оның жалдамалы пәтерінде 440 грамм есірткі тәркіленді. Одан әрі тергеу әрекеттері кезінде күдікті екі пакет жасырылған жерді көрсетті. Олардың әрқайсында 25 орамнан болған. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы жарты келі немесе мыңнан астам бір реттік доза болеған.
Семейде 20 жастағы жігіт пен қыз ұсталды. Жеке тінту кезінде олардан синтетика салынған орамдар тәркіленді. Ұсталған кезде олар заңсыз заттардан құтылуға тырысқан. Қызметтік-іздестіру иттің көмегімен кинологтар қызға тиесілі барсетканы анықтады. Оның ішінде 64 есірткі орамы болған. Ұсталғандардың пәтерінен гашиш пен мефедрон салынған тағы 38 пакет табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 100 грамм.
Самара – Шымкент тасжолындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде 21 жастағы Шымкент тұрғыны марихуанамен ұсталды. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында оның тұрғылықты жерінен төрт пакетке салынған 300 грамм мефедрон тәркіленді. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторларына қамалған.

"Есірткі жасырушылардың заңсыз "еңбек өтілі" 2-3 айдан сәл асуы мүмкін. Оңай олжа соңынан қуып, олар 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын арқалайтынын аңғармай жатады", – деді полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!