Антикор ШҚО-да шенеуніктің ұсталғанын растады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шығыс Қазақстан облысында жоғары лауазымды шенеуніктің ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресми мәлімет бойынша, соталды тергеу аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы ұсталған.
"Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпаратты қосымша хабарлаймыз", - деп хабарлады Антикордың баспасөз қызметі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!