Шымкентте 6 миллиард теңгеге жуық мүлік пен акция мемлекетке қайтарылды
Шымкентте жыл басынан бері 5,9 миллиард теңгенің мүлкі мен акциясы мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент прокуратурасына сілтеме жасап.
Шымкент прокуратурасымен биылғы I-жартыжылдықта экономикалық ресурстарды монополиясыздандыру саласында жалпы құны 5,9 миллиард теңге болатын мүлік және акциялар мемлекетке қайтарылды.
"Осылайша, сот азамат Б. Ибрагимнің қылмыстық жолмен алған жер учаскесі мен құрылыстарды мемлекетке қайтару туралы қала прокуратурасының талап арызын қанағаттандырды.
Бағалау қорытындысына сәйкес құны 357,7 миллион теңге болатыны көрсетілген жылжымайтын мүлік Шымкент мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне берілді", - делінген хабарламада.
Шымкент қаласының прокуратурасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару бағытында жұмыстарды жалғастырып жатқаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!