ru24.pro
World News
Июль
2024

Ақтаудағы су тапшылығы: себептердің бірі айтылды

0

"МАЭК" ЖШС Ақтауда күннің қатты ысуы теңіз суын тұшытуға әсерін тигізіп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mangystaumedia.kz басылымына сілтеме жасап.
Қазіргі таңда өндірістік қуаты 52 000 текше метр болатын "МАЭК" ЖШС тәулігіне шамамен 46 000 текше метр ауызсу өндіреді.

"Ауа температурасы 40-42 градус Цельсий деңгейінде тұр. Теңіз суының температурасы да көтерілді. Мұның бәрі суды тұшытудың технологиялық процесіне әсер етіп, өндіріс көлемін азайтады. Сондықтан әкімдік кесте бойынша желілердегі су қысымын төмендету туралы шешім қабылдады. Су көлемі ұлғайғаннан кейін кестемен су беру тоқтатылады. Бұл - уақытша қабылданған мәжбүрлі шара", - деді "МАЭК" ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Сәбит Желкушинов.

Ыстық ауа райы ауызсуды тұтыну көлемі артуына да әсер етті. Орталық сумен жабдықтау желілерінде ауызсу деңгейін тұрақтандыру мақсатында қаланың көлік жуу орталықтарының жұмысына уақытша шектеу енгізілген. Ал Ақтауда 72 көлік жуу орталығы тіркелген.
Tengrinews.kz редакциясына әлі де ақтаулықтардан шағымдар түсіп жатыр. Олардың айтуынша, кейбір аудандарда тұрғындар бірнеше күн сусыз отыр.

"Біреулерде бір аптадан бері жоқ, ал біреулерде бір ай. Біз ыдыс жуып, тамақ дайындай алмай отырмыз. Бүкіл ыдыс-аяқ лас. Адамдар дәретханаға барып, шомылып, жуына алмай отыр. Жақында бәріміз теңіз жағасында өмір сүріп, ыдыс жуып, тамақ дайындауға, жуынуға барамыз", - делінген ақтаулықтардың үндеуінде.

Еске салайық, бұған дейін Ақтау тұрғындары ауызсу жоқтығынан жолды жауып тастағаны хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!