Мәжіліс депутаты сырқаттанып қалды
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи сырқаттанып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Ауырып қалған жағдай бар... Диагноз белгісіз... Улану мен уландыруға қатысты күдік бар дейді... Клеткалық-молекурялық негізде диагностика қажет екен... Көрерміз... Аман болайық, ағайын!", - деп жазды төменгі палата депутаты.
Ермұрат Бапи - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің VIII шақырылымның депутаты. Ол оған дейін "ДАТ – Общественная позиция" газеті бас редактордың кеңесшісі, бас редакторы болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!