ru24.pro
World News
Июль
2024

Гурбангулы Бердімұхамедов Астанаға ұшып келді

0

Гурбангулы Бердімұхамедов ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан астанасына келді. Әуежайда түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Гурбангулы Бердімұхамедов алғаш рет өткізіліп отырған "ШЫҰ плюс" форматындағы кездесуге қатысады, ол "Көпжақты диалогты нығайту – орнықты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу" ұранымен өтеді. Отырысқа байқаушы мемлекеттердің басшылары, құрметті қонақтар және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!