ru24.pro
World News
Июль
2024
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Алматыға келді

0
БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Алматыға келді

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Алматыға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БҰҰ баспасөз қызметі мәліметінше, 3 шілдеде таңертең БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Алматыға ұшып келген.

Бас хатшыны Қазақстанның Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров және БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори қарсы алған.

Фото БҰҰ-ның Қазақстандағы баспасөз қызметі

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің оңтүстік астанаға келгені туралы ақпаратты растады. Ол БҰҰ-ның Алматыдағы кеңсесіне барады.

Ертең, 4 шілдеде Гутерриш Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға барады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!