"Қаңтар оқиғасына" белсенді қатысқандармен байланысты: қылмыстық топ мүшелері ұсталды
17 маусымда Алматы, Шымкентте және Түркістан облысында ауыр қылмыстар жасаған, соның ішінде кәсіпкерлерді бопсалады деп күдікке ілінген қылмыстық топтың мүшелерін ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Топ мүшелерінің "қаңтар оқиғасының" белсенді қатысушыларымен байланысы бар екендігі анықталған.
"Полицияға 20 күдікті жеткізілді. 40-тан астам іздестіру шаралары өткізілді. Атыс және травматикалық қару, есірткі мен оқ-дәрі тәркіленді. Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жарияланбайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!