ru24.pro
World News
Июнь
2024

Ақмола облысында ресейлік өлі табылды: күдікті ұсталды

0

Петропавлға Калининград облысынан туыстарына қонаққа келген 40 жастағы ресейлік азамат өлі табылды. Полиция күдіктінің ұсталғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Станислав Тарасенконы іздеу бірнеше күнге созылған. Туыстарының еріктілерге берген мәліметі бойынша, ер адам 9 маусымда Петропавлдан Щучинскіге танысына қонаққа кетіп, жоғалып кеткен.
Бес күннен кейін Станислав Тарасенко өлі табылған.

Ақмола облысының Полиция департаменті адам өлтіру дерегі бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

"Жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында қылмыс жасауға қатысы бар адам анықталды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚІЖК- нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды", - деп түсіндірді ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!