ru24.pro
World News
Июнь
2024

Астанада орталық көшелердің бірінің учаскесі жабылады

0
Астанада Қабанбай батыр даңғылының бойындағы учаске толығымен жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.
Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейін Қабанбай батыр даңғылының бойындағы учаске толығымен жабылады.
Астана Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеуге байланысты 17 маусым сағат 10:00-ден 18 маусым сағат 07:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.


"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлау сұралады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!