ru24.pro
World News
Июнь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30

ГЭС құрылысы осы күнге дейін басталмаған: пайдаланылмай жатқан жерлер қайтарылды

0
ГЭС құрылысы осы күнге дейін басталмаған: пайдаланылмай жатқан жерлер қайтарылды

Алматы облысының прокуратурасы 2024 жылы 155 жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Облыс прокуратурасының қадағалау актісі бойынша 2024 жылы 2,5 миллиард теңге тұратын, аумағы 12,5 мың гектар пайдаланылмаған 155 жер учаскелері қайтарылды. Мысалы, 2020 жылы Қонаевта бір кәсіпорынға гидроэлектростанция салу үшін аумағы 500 гектар 5 жер учаскесі берілді. Алайда құрылыс осы күнге дейін басталмаған. Тағы бір мысалда, Іле ауданында Solid Cristal ЖШС-ға 339 миллион теңге тұратын 38 гектар учаске берілді. Учаске алты жылдан астам уақыт бойы пайдаланылмаған. Облыс прокуратурасының шараларымен бұл учаскелер мемлекеттік меншікке қайтарылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Алматы облысының прокуратурасы жер учаскелерінің мақсатын өзгерткені үшін жер пайдаланушылардың 1,5 миллиард теңге төлемеу деректерін анықтаған. Заң бойынша, мұндай әрекеттерді жасаған кезде жер учаскесінің иесі жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеуге міндетті.

Облыс бойынша осындай 100-ден астам жер иелері анықталды. Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралар бойынша бүгінде бюджетке 236 миллион теңге қайтарылды, қалған сома өндіріліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!