Екпеден көз жұмған әйелдің отбасы тергеудің «баяулығына» наразы
Алматы облысында былтыр желтоқсанда 49 жастағы әйел антибиотик салдырған соң көз жұмды. Оның ағзасы дәріге аллергия берген. Марқұмның туыстары «бес ай өтсе де, қазадан соң қозғалған істен хабар ала алмай отырмыз» дейді.