ru24.pro
World News
Май
2024

Қазақстанда 15 мамырда дабыл қосылады

0

Төтенше жағдайлар министрлігі 15 мамырда Қазақстан қалаларында дабыл қосылатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
15-16 мамырда елімізде "Өрт-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару жөніндегі республикалық штаб Абай облысында орналасады. Оқу-жаттығу аясында екі күн бойы барлық өңірде алдын алу шаралары кешені жүргізіледі.
Оқу-жаттығу барысында мемлекеттік органдарды, мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің күштері мен құралдарын табиғи өрттерді жою жөніндегі іс-шараларға дайындау мәселелері пысықталады.
Оқу-жаттығу "Семей орманы" МОТР" РММ-нің Бородулиха филиалы аумағында өтеді.

"15 мамырда сағат 12.55-те оқу-жаттығу аясында Астанадан басқа, еліміздің барлық аймағында ескерту жүйесін тексеру жоспарланған", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!