ru24.pro
World News
Май
2024

Павлодарда доберманды таспен атқан ер адам айыппұл төлейтін болды

0

Павлодарда ер адам итті таспен атқылаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews-ке сілтеме жасап.
Доберманның иесі полицияға хабарласып, өтіп бара жатқан адамдар мен иттерге тас лақтырған ер адамға шағымданған.

"Менің итім, доберманның басы, алдыңғы аяғы жараланды. Ол көрме иті. Қайта кірпіш адамдарға - көзіне немесе басына тимеген", - деп түсіндірді жануардың иесі.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, ер адамға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 407-бабы бірінші бөлігі бойынша 18 460 теңге айыппұл салынған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!