ru24.pro
World News
Май
2024

Доллардың ресми бағамы айтылды

0

Қазақстанда доллардың 14 мамырдағы бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,07 теңгеге төмендеп, 440,90 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 14 мамырдағы ресми бағамы - 440,92 теңге.

kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 441,28 теңгеге, сатылымы 442,56 теңгеге тең болды. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 439,98 теңгеден сатып алынып, 444,98 теңгеден сатылып жатыр.

Еске салайық, 13 мамырда KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,49 теңгеге көтеріліп, 440,92 теңге болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!